• Басты бет
  • /
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығын іске асыру аясында мектеп директоры А.А. Қабдулинованың және Қостанай қаласының полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы полиция капитаны Д.Т. Насамбаева "Заң. Жауапкершілік. Тәртіп " тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Мектеп оқушыларына қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері және құқыққа қайшы мінез-құлық жағдайындағы жауапкершілік деңгейі туралы ескертілді. Жүргізілген әңгіме нәтижесінде оқушыларымыз еліміздің заңға бағынышты азаматтары болу керектігін түсінді!